Руханият

Жүрсін Ерман ауруханадан шықты

Қазақ айтыс өнерінің қаранары, белгілі ақын Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы айтыскер Марат Ахметов өзінің Инстаграм парақшасына жариялады.

«Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. “Құдай көптің тілегін қабыл етті” деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық»,— деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскенін жазған едік. 

Басқа материалдар

Back to top button