Жүрсін Ерманның денсаулығы қалай? Ақын желідегі парақшасына суретін жүктеді

Қазақтың айтыс өнерінің қаранары, ақын Жүрсін Ерманның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. 

«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», — деп жазды министр Ажар Ғиният желідегі парақшасында.

Ал, бүгін ақынның желідегі парақшасына мына сурет жарияланды. Жүрсін Ерман сұхбаттарының бірінде желідегі парақшаларын балалары мен немерелері жүргізетінін айтқан болатын.

Ortalyq.kz