Облыс әкімі

Жөндеу жұмыстары – жіті назарда

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды қаласы Құрылысшылар даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысымен танысты..

Құрылысшылар даңғылы бойындағы жылу магистралі осы жазда жөнделе бастады. Әу бастан-ақ барлық жұмыстар, жоспарға сай басталмады – мердігерлер арасында сот дауы туындағандықтан, жұмыстың басталуы кейінге шегерілді. Материалдарды жеткізушімен де келесімшарт осы себеппен 10 тамызда ғана жасалды. Сол уақыт аралығында жеткізудің бір топтамасы кешіктірілді. Дегенмен, бұл құбырларға 1 қазанда ыстық су жіберілуі тиіс.

Проблемалық нысанды облыс әкімі Ерлан Қошанов өзі көріп қайтты. Ол материал жеткізумен айналысатын «Изоплюс Орталық Азия» компаниясынан бұл мәселені түсіндіруін талап етті.

– Иә, біз материалдардың жеткізуін кешіктірдік, – деп ақталды кәсіпорын басшысы Леонард Штайн. – Ол біздің Ресейдегі жеткізушілеріміз уақытша сатылымдарын тоқтатуына байланысты болды. Құбырларды біз солардан сатып аламыз, ал, оны оқшаулау, қаптаумен өзіміз айналысамыз. Бізде шикізат болмағандықтан, мердігер компанияға материал жеткізе алмадық.

Бүгінгі күні бұл мәселе шешілген: құбырлардың бір топтамасын 13 қыркүйекте жеткізген, соңғы топтамасы 20 қыркүйекте алып келінеді.

Жұмыс мерзіміне келер болсақ, мердігер-фирманың бас директоры Әсет Мұқаев аймақ басшысына жаңа құбырларға 1 қазанда ыстық су жіберілетінін айтып, уәде берді. Жылу магистралінің бұл бөлігіне 144 тұрғын үй қосылған. Келесі жылы бұл жүйеге ҚарМУ мен 30-шы ықшам аудандағы жаңа мектеп қосылуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстарын толық аяқтау қарашаның соңына қарай жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін мердігер қайтадан топырақты сеуіп, асфальт қаптамасын төсеуі тиіс. Айта кету керек, келесі жылы Құрылысшылар даңғылындағы жолдарға күрделі жөндеу жасау қарастырылған.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов Гоголь, Төлепов, Сатыбалдин, Ғазалиев және Ержанов көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының жағдайымен танысып қайтты. Облыс әкімі музыкалық комедия театрының алдындағы жаңа саябақты, Мұқанов көшесі мен Құрылысшылар даңғылының қиылысындағы шағын гүл бағын, сондай-ақ, Құрылысшылар даңғылы бойындағы 19-шы үйдің абаттандырылған ауласын аралап шықты.

Облыс басшысы Орталық мәдениет және демалыс саябағына да барды. Биылғы жылы саябақтың Ержанов көшесі жанындағы шығыс бөлігі абаттандырылды. Осы аптада ұстынтізбек орнатылады. Күздің соңына дейін саябақтың 11 гектардан астам аумағы абаттандырылып, үш жүз ағаш көшеті отырғызылады деп жоспарлануда. Ал, велосипедшілер үшін арнайы жол салынады.

Саябақты қалпына келтіру жобасы үш жылға жоспарланған. Бұл уақыт аралығында саябақ аумағының 36,5 гектар жері абаттандырылады. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге. Биылғы жылы 503,1 млн. теңге жұмсалады.

Бұл аумақ толықтай, тек, келесі жылы ғана қалыпқа келтіріледі. 2019 жылы 36 гектар жер мен 2,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы әрлендіріледі. Оған 503 млн. теңге қарастырылған.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button