Жаңалықтар

Жәйремде жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысының Жәйрем елді мекенінде жаңа мешіт ашылды. Қос мұнаралы және екі күмбезді мешіт бір мезетте 320 адамғы қызмет көрсетеді. Мешіттің айналасы абаттандырылып, іргесіне дәрет алатын орын мен асхана салынған.

Діни мекеменің ашылу салтанатына Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев және «Казцинк» кәсіпорнының басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

  • Мешіт – біз мәдениетке үйреніп, рухани кеңістігімізді толықтыратын орталық. Бұл  – Жәйрем халқына үлкен сый болды, – дейді Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев.

Дәл осы күні 3 топтағы мүгедек Тілеухан Алдабергенге екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Ауыл халқы мешіттің ашылу құрметіне 3.5 млн.теңге жинаған екен. Бұл қаражат аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге жұмсалды.

Мешіттің ашылу салтанатынан кейін облыстың бас имамы дұға оқыды, артынша ас берілді. Сондай-ақ, жаңа мешітте жас жұбайлардың некесі қиылып, бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Артынша, ауыл халқы ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

Басқа материалдар

Back to top button