Зейнеткерлерді тонағандар ұсталды
Абай ауданындағы Қарттар үйінің директоры мен қызметкері және пошта қызметкері өз бетінше қозғала алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған, деп хабарлайды Оrtalyq.kz.
Олардың үстінен қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шыққан. Сот үкімі бойынша кінәлілер 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ал, мекеме басшысы ұрланған мүлкінің үстіне он еселенген мөлшерде айыппұл төлеп, жазадан құтылып кеткен.
Бұл әрекетті әуелі мекеме қызметкері бастаған. Кейін пошта қызметшісін қатарына қосып алады. Олар қамқорлықтағы қарттардың зейнетақысын алып, құжаттарға жалған қолтаңба қойып отырған. Кейін олардың бұл әрекетін мекеме басшысы біліп қояды. Алайда, ол қызметкерлерге тосқауыл болудың орнына олармен тіл табысып, үлеске түскен.
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде қылмыстық топтың былығы әшкереленген. Кінәлілер ұсталғаннан кейін кінәсін өздері мойындаған.