Ұлытау

Үздіктерге – шәкіртақы

Ұлытау өңірінде туған жерінің тұғырлы бола түсуіне көңіл аударып, оны нақты әрекеттерімен дәлелдеп жүрген азаматтар баршылық. Мұның айғағы – осыдан біршама уақыт бұрын аудан орталығында өткен меценаттар форумы. Жезді кентінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиында жергілікті тұрғындар тағы да көзайым қуаныштың куәгерлеріне айналды.

 

Салтанатты жиында сөз алып, жерлестерін мерейлі мерекемен ақжарыла құттықтаған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу департаментінің Жезқазған аймағы бойынша жетекші маманы, Жездінің тумасы Сабыржан Тембаев кенттегі екі оқу ошағының үлгерімі ең үздік екі оқушысына шәкіртақы тағайындағанын мәлімдеді.

Жомарт пейілді азамат өзінің туған атасы – КСРО озат құрылысшысы, қоғам қайраткері, көзі тірісінде бейресми түрде «Жезді патриоты» атанған Сағынтай Тембаев атындағы әрқайсысы 25 мың теңге көлеміндегі шәкіртақылар мен арнайы сертификаттарды Жезді аралас мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Жанар Бексұлтан мен №6 Жезді орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ақжол Жолдасбекке тапсырды.

Жиынға қатысушы қариялар қауымы жас буынды білімге ынталандыру мүддесін ұстанған меценат жігітке алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button