Спорт

Үздік атануға үміткерміз

Pro hokei ligasy сайты жартылай финалдық плей-офф сериясының үздіктерін анықтауға шақырады. Мұнда хоккей жанкүйерлерінің көмегімен «Үздік гол», «Үздік сейв» және «Үздік қақтығыс» аталымы бойынша үздіктерді анықтамақ. Бұл қатарда қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншылары да бар.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Шабуылшы Тимур Шингареевтің сырт алаңда «Арлан» клубына соққан голын үздіктер қатарына лайық деп тапқан. Сонымен қатар, шабуылшы Антон Золбиннің де салған шайбалары үздіктер қатарында. Айта кетейік, өкінішке қарай жерлестер «Арлан» клубымен өткен осыңғы төрт ойында жеңіліп қалған.

Ал, «Арлан» клубымен өткен сырт алаңдағы ойында қақпашы Данил Кадочников керемет сейвтер жасаған еді. Pro hokei ligasy сайтының таңдауымен қарағандылық клубтың қақпашысы үздіктер қатарына енген.

Қорғаушы Дмитрий Стулов пен шабуылшы Евгений Лызинді әсерлі қақтығыстары үшін үздіктер қатарына енген. Енді хоккей жанкүйерлері Pro hokei ligasy.kz сайтына кіріп, шын мықтыны анықтау ғана қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button