Зауыт жұмысшылары «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидатты қолдады

Қарағанды құю-машина жасау зауытының қызметкерлері Нұр Отан» партиясының атынан Президент сайлауына ұсынылған кандидатты қолдау жөнінде үндеу қабылдады. Бұл туралы 25 сәуірде өткен еңбек ұжымдарының жиналысында айтылды.


«Өндіріс қызметкерлері ретінде біз республика экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін одан әрі арттыруға және қазіргі заманғы инновациялық, индустриялық және бәсекеге қабілетті технологияларды ескере отырып, техникалық және халық шаруашылығының барлық салаларын кезең-кезеңімен дамитынына сенеміз. Сондықтан билік сабақтастығының жан-жақты ойластырылған саясаты мен Ұлт Көшбасшысының дана шешімін біздің зауыт жұмысшыларының барлық еңбек ұжымдары қолдайды», — делінген үндеуде.
Жиналысқа қатысушылардың айтуынша, сайлау – қазақстандықтардың күш-жігерін шоғырландырып, бүкіл ел үшін болашаққа жаңа серпіліс жасауға көмектесетін қадам. Зауыт жұмысшылары сайлау күні азаматтық белсенділік танытып, дауыс беретінін айтты.
«Maker (Майкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты – Қазақстанның тау-кен саласының көп салалы жоғары технологиялық кәсіпорны. Зауыттың негізгі бағыты тау-кен жабдықтарын жасау және жөндеу болып табылады.