Жаңалықтар

Қызықты деректер

Латын тілі – бұл ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар, ал олардың тілі «латын тілі» деп аталды.

Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл де басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады.

Бірінші латын жазба ескерткіштері – әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады.

Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты. Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.

Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

Дәрігері әр философ Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.

ІХ ғасырда да Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен, 15-16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды.

 

Материал

ғаламтордан алынды.

(Суреттер ғаламтордан

алынды).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button