Спорт

Қордайда қара үзді

Жамбыл облысының Қордай ауданында құнан бәйгеде Қарқаралы ауданы Өсібай ауылының тұрғыны Алтынбек Рахмановтың «Асылтас» атты құнаны бас жүлдені жеңіп алды.

Сурет автордан

Бәйге – халқымыздың өте көне замандардан келе жатқан ат спорты ойыны, ер серігі жылқының жүйріктігі мен төзімділігін сынайтын жарыс. Сол себепті Қордайдағы бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген, жүлдеден дәмелі қыл құйрықтар мен шабандоздар қатысты. Жоғарыда айтқанымыздай, құнан жарысында Алтынбек Сәлімұлының «Асылтас» тұлпары алдына қара салмай, жүлдеге тігілген «Нива» автокөлігін ұтып алды.
Қазақ жұртының еркіндік сүйгіш рухын паш ететін, жылқы түлігінің қасиетін көрсететін ат спорты ойындары дамып, бәйге өміршең бола берсін! А.Рахмановтың «Асылтасы» алдағы уақыттары аламан бәйгелерде жүлделі болады деген үміт үлкен.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button