Бас тақырыпСпорт
Қазақстан құрамасы Азия кубогында екі алтын жеңіп алды
Olympic.kz хабарлауынша, Филиппинде өткен триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.

Жасөспірімдер арасында Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет алтын медаль жеңіп алды. Ал Калерия Шнейдер күміс жүлдеге ие болды. Ересектер арасындағы бәсекеде Дарын Қонысбаев күміс медаль еншіледі.
Осылайша, қазақстандық спортшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



