Жаңалықтар

«Орталықтың» даңқ галереясы

Суреттер газеттің жеке мұрағатынан

Иван Кириллович СКРИПНИКОВ

1930 жылы 14 қаңтарда Тюмень облысының Маслоненск ауданында дүниеге келген.
1950 жылы Маслоненск аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылды.
Батыс Украинада бандалық құрылымдарды жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты.
1953 жылы Украинада демобилизацияланды.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Қарағанды қаласында Ішкі істер министрлігі және Социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімі жүйесінде жұмыс істеді.
1982 жылы зейнеткерлікке шықты.

Николай Семенович КУРИЛЕНКО

1927 жылы 21 сәуірде Брянск облысында шаруа отбасында дүниеге келген. 1944 жылғы желтоқсанда Кеңес әскері қатарына шақырылды.
Соғыстың аяқталуын Польшада қарсы алды, сол жерде жараланып, көру қабілетінен айырылды.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Қарулы Күштердің және Жеңістің көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
1951 жылы әскерден қайтарылғаннан кейін туған жерінде пойыз кондукторы болып жұмыс істеді, кейіннен шақыру бойынша Қазақстан Магниткасына келіп, энергия шаруашылығында слесарь, шебер және учаске бастығы болып қызмет атқарды.

Григорий Петрович СТЕПЕНКО

1925 жылы 10 сәуірде Воронеж облысының Нижние Ровинки деревнясында дүниеге келген.
1943 жылы Павлодар облысының Лозов аудандық әскери комиссариатымен Қызыл Армия қатарына шақырылды.
Алғашқы жауынгерлік жолын 2-ші Украина майданында пулеметші ретінде өтті. Курск-Орел доғасындағы шайқастарға, Белгород, Орел, Харьков, Курск, Кенигсберг, Варшава қалаларын азат етуге қатысты. Контузия алған. Днепр өзенінен өту операциясына қатысқан.
Забайкалье майданы 39-шы армиясының 56-шы атқыштар полкі құрамында Қиыр Шығыста жапон әскерлерін талқандауға қатысты.
Марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы және ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.
1951 жылы жолдамамен Қарағанды қаласына келді. «Шахтострой» басқармасының цемент зауытында, теміржол көлігінде жүк тасымалдаудың бас кондукторы болып жұмыс істеді.
1980 жылы зейнеткерлікке шықты.

Өтелбай ОРЫМБАЕВ

1924 жылы 13 қарашада Целиноград облысы, Алексеевка ауданы, Рамадан ауылында дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан қатысқан. Воронеж, Степной, 2-ші Украина фронтында болды.
Майданда үкіметтік жоғары жүйелікті байланыс бөлімшесінің командирі болды.
1947 жылы қазан айында мүгедектігі бойынша әскери қызметтен босатылды. Бейбіт уақыттағы еңбек жолы 1948 жылы Ақмола қаласында байланыс жүйесінде басталды.
Алексеевка қаласында аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, Целиноград облысының Шортанды ауданында мемлекеттік қауіпсіздік сақтау органында қызмет атқарды, облыстық жинақ кассалар басқармасының тексерушісі болды. 1969 жылдан 1975 жылға дейін Қарағанды қаласында облыстық атқару комитетінде бас референт, Совет ауданының жинақ кассалар орталығының басшысы, кейінірек облыстың жинақ кассалары басқармасының тексеру бөлімінің бастығы қызметін атқарды. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жеңіс күніне арналған мерекелік медальдармен ­марапатталды.

Анна Никаноровна КОТОВА

1924 жылы 21 қаңтарда Воронеж облысы Михайлов ауданының Голос деревнясында дүниеге келген.
Соғыс басталғанда медбикелер курсына оқуға түсті.
1942 жылы әскери комиссариатқа үшінші рет өз еркімен өтініш білдіргеннен кейін майданға аттанды. 2-ші Украина майданында госпиталь медбикесі болды.
1946 жылы әскерден қайтарылды.
Жауынгерлік марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Украинаны фашистік басқыншылардан азат еткенге 60 жыл», «Санитарлық қызметтің үздігі» медальдары және мерейтойлық медальдар.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button