Жаңалықтар

Қызмет көрсету – қалтаңызда

Мемлекеттік қызметтерді алу барған сайын тез әрі жеңіл. Бұған Қарағанды қаласындағы 15 мемлекеттік орган қызметкерлерінің көзі жетті. Азаматтарға арналған үкіметтің Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясымен мемлекеттік органдарға шығуды жүзеге асырды. Олар смартфонның көмегімен Telegram, ВКонтакте, Facebook арқылы қызмет алу мүмкіндігін көрсетті.

Telegram-боттан 20 мемлекеттік қызмет алуға болады, ВКонтактедегі бот арқылы – 19, ал, Facebookтан 15 мемлекеттік қызметке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Танымал әлеуметтік желілердегі боттарды іске қосу мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған қосымша алаңдарды қалыптастырды. Қызмет алу кезінде пайдаланушы виртуалдық кеңесшімен диалог құрады, анықтамалық ақпаратты egov.kz. мемлекеттік қызметтер порталына өтусіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, алады, сұратуды СМС парольмен растаса, жеткілікті.

Бұдан басқа, электрондық үкіметтің eGovmobile жаңа мобилді қолданбасы іске қосылды. Жаңа қолданбада ЭЦҚ-ны өзіндік биометриялық деректерге бекітіп қоюға болады және қызметке тапсырыс беру кезінде сауалды мобильді телефонды бұғаттан ажырату кезіндегі сияқты, өзіндік Touch ID немесе Face ID растауға мүмкіндк бар. Бүгінгі таңда қарапайым 28 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Азаматтарға арналған үкіметтің Қарағанды облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық сервистерді насихаттау бойынша акция өткізуді жалғастыруда.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button