Облыс әкімі

Қымбатты жерлестер!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр – әрбір қазақстандық үшін қасиетті және құнды мереке. Бұл күнді біз ерекше сезіммен қарсы аламыз. Біз Ұлы Отан соғысының майдан даласында ерлік көрсеткен, тылда еңбек еткен, соғыс жылдарынан кейін елді қалпына келтірген жандардың есімдері мен ерліктерін әрдайым ардақ тұтамыз.

Халқымыздың ерлігі мен батырлығы дұшпанның мысын басып, болашақ ұрпақтың тәуелсіз елде өмір сүруіне жол ашты.

Қадірлі ардагерлер!

Сіздерге жерімізге бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін, баянды болашаққа жоспар құрып, балаларымыз бен немерелеріміздің қуанышын көруге мүмкіндік сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Жеңісті күнге жету жолында әр күн сайын көрсеткен ерліктеріңіз бен жігерлеріңіз үшін мың алғыс! Қазіргі күннің өзінде жас буынға ұлы рухтың үлгісін паш етіп келесіздер! Сіздердің көзсіз ерліктеріңізді біз еш уақытта ұмытпаймыз!

Біз сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласы мен тылда күш-жігерін сарп етіп, әлемді фашизмнен құтқарған жандарға қарыздармыз. Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерліктер біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Сіздердің буын – Қазақстан халқының мақтанышы! Сіздердің ғасырға тұспа-тұс келген қиын-қыстау заманға төтеп берулеріңіз – жас толқынға үлкен сабақ, жарқын болашаққа деген сенімді нығайта түседі.

Қазіргі күні біздің ортақ парызымыз – жеңімпаздардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау, олардың жетістіктерін нығайтып, Қазақстанның өркендеуі жолында жаңғырту. Бұл – Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың маңызды міндеті.

Қымбатты ардагерлер, құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен баянды бақыт, зор денсаулық, жарқын жетістіктер мен бейбіт өмір тілейміз!

Батырларға – мәңгі құрмет! Жеңімпаздарға бас иеміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button