Облыс әкімі

Қымбатты облыс тұрғындары!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғасырлар қойнауынан жеткен осынау ұлық мереке әлемдік ауқымдағы өзге де діндер сияқты ислам дінінің негізінде де әділдік, мейірімділік пен ізгілік сынды адамзаттық асыл құндылықтардың жатқандығын айғақтайды.

Еліміздегі аса ірі аймақтардың бірі Қарағанды облысының мұсылман қауымы да өзге дін өкілдерімен қатар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізді көркейтіп, гүлдендіру, оның бай мәдени және рухани дәстүрлерін дамыту, ұлтаралық және діни төзімділікті нығайту жолындағы жүргізіліп жатқан ауқымды шараларға зор үлес қосып келеді.

Қадірлі жерлестер!

Бірлік пен татулық, өзара келісім мен риясыз достық – бұл біздің ең басты байлығымыз, оны көзіміздің қарашығындай сақтап, одан әрі нығайта беруге тиістіміз.

Сіздерді мейірім мен шапағатқа шақыратын қасиетті Құрбан айт мерекесімен тағы да құттықтаймыз.

Осынау ұлыстың ұлы күні жасаған ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.

Ұлық мереке құтты болып, әр отбасына бақыт пен береке әкелсін!

Құрбан айт қабыл болсын!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button