Ықпалды ұйымның саммиті

   «ЭКСПО – 2017» ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Рашид ӘЛІМОВТІ қабылдады.

Тараптар Халықаралық мамандандырылған Көрмеге әзірлік барысын сөз етті. Сондай-ақ, Қазақстан астанасында «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылу күнінде өз жұмысын бастайтын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Саммитін талқылады.

– Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бұл Саммиті тарихи оқиға болмақ. Бастысы, дәл сол 9 маусымның кешінде біз Астанада өзге, бұдан да мықты ұйымды қабылдайтын боламыз, – деп атап көрсетті ШЫҰ Бас Хатшысы Рашид Әлімов.

Бұған қоса, Р.Әлімов ШЫҰ үшін өзінің павильонына ие болып, сол арқылы ұйымның қоршаған ортаны жақсартудағы үлесі мен экологиялық бағдарламаларды қолдап отырғанын көрсетуі өте маңызды екенін айтты.

Бас Хатшы Ахметжан Есімовке ШЫҰ павильонының стра­тегия­­лық орналасуына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді.

Жалпы, Астанада өтетін Халықаралық көрмеге 5 миллионнан астам халық жиналады деген болжам бар.

«Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы көрменің біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін берері мол болмақ.

Қуаныш Аманқұлов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.