Уақыттың талабы

ҚР Қылмыстық Кодексінің 72-бабы 1 бөлігіне сәйкес, егер, сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың 3,4,5 бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
Сот­талған адам осы баптың 3,4,5 бөліктерінде көрсетілген мер­зімдерді іс жүзінде өте­геннен кейін, қылмысы ар­қылы келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.

Ол түзеу мекемесінде көрсе­тілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін жәбірленушіні қайта шақыртып, оның пікірін тыңдаудың керегі жоқ деп санаймын. Менің ойымша, мұндай жағдайларды ҚР Қылмыстық Кодексінің 72-бабының мән-жағдайына қарай шешу дұрыс деп санаймын.

Мысалы, іс қаралғаннан кейін жәбірленушіге қаулының көшір­месін жолдаймыз, одан 15 күн ішінде апелляциалық шағым түскенше күту керек. Ал сот пен түзеу мекемесі апелляциалық шағым түскенше мындаған шақырым жерде тұратын жәбір­ленуші шағым түсіргенше, сот­талғанды босата алмай отырамыз. Шағым түсе ме, түспей ме соны күтіп отыруымыз керек. Апелляциялық шағымды 15-ші күнде жәбірленуші жолдауы мүмкін. Ол қашан келеді? Шағым келгенше біраз уақыт өтеді, өте ұзақ журуі мүмкін. Жәбірленуші шағымды істі қарап жатқан аудандық (қалалық) сотқа жолдаса жақсы. Ол облыстық сотқа жолдауы мүмкін, ол сот істі қараған сотқа қалпына келтіру және апелляциялық инстанцияға жолдау үшін қайта жолдайды. Осының бәрі үзақ уақыт алады, сотталған бас бостандығын айыру орнында заңмен белгіленген уақыттан артық отырады. Мұндай мысалдарды осы санатты қарайтын басқа соттар келтіре алады.

Мемлекет жәбірленушіге хат-хабар, телефонограмма, тапсырыс хат, жеделхат және басқа байланыс құралдары арқылы хабар жолдауы үшін қосымша шығын кетеді.

Сондай-ақ, сотталған, бас бос­тандығынан айыру орнында отырғанына біраз уақыт өткен соң жәбірленушінің және олардың заңды өкілдерінің мекен-жайлары өзгеріп кетуі мумкін.

Осы мәселе бойынша заңға өзгеріс енгізу керек деп санаймын.

Д.ДӘУІТОВ,

Шахтинск қалалық сотының төрағасы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.