Шахтинск қаласындағы №330 сайлау учаскесінде 2 912 сайлаушы тіркелген. Олар бүгін таңнан осы өздерінің сайлау учаскелеріне келе бастап, конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, таңдауларын жасауда.

Қазірге дейін осында тіркелген сайлаушылардан 22 адам дауыс беріп үлгеріпті.

Бұл сайлау учаскесінде дауыс берудің ашық және жария өтуін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қамтамасыз етіп, әр партиядан тіркелген 6 байқаушы мен Құрылтай депутаттығынан үміткер партиялардың 1 өкілі байқап, қадағалауда.
Ержан ИМАШ
ШАХТИНСК



