Жаңалықтар

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ – BI GROUP МАҢЫЗЫ

Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда. Етек-жеңімізді жинап, экономикамызды жөндеп, қаражат жинағаннан кейін бұл мәселеге (туризмді дамытуға) де келдік. Алдымен елдің жағдайын түзеп, елге жұмыс беріп, экономикамызды көтеру керек болды. Енді бұл салаға да жақындадық, қолға алатын кез келді. Дүниежүзінде туризм барлық әлемдік экономиканың 10 пайызын құрайды. Бұл өте үлкен көлем. Бізде әлі өте аз. Мысалы біз 2025 жылға дейін экономикамыздың 8 пайызын туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол үшін өте көп жұмыс істеу керек. Рухани жаңғыру, экономикамызды түзеу, инфрақұрылым, «Нұрлы жол» – барлығы осыған байланысты.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.

Енді сіз неге туризмді дамытуда құрылыс саласын байланыстырып отыр дейтін шығарсыз? Ғимараттар ерекше сәулеті әрқашан көзге түседі және туристердің үлкен санын тартады. Ендеше бірнеше қызықты фактілер келтірейік.

Сіз Еуропа жүрегі саналатын Прага қаласында «биші ғимарттың» бар екендігінен хабардарсыз ба? Көздің жауын алатын ерекше ғимаратты халық арасында «Джинджер және Фред» ғимараты деп атау дәстүрі қалыптасқан. Бүгінгі таңда Прага төріне келген қонақтар таң қалдырған ғимаратқа келіп кетуді әдетке айналдырған.

Екіншіден Австралия табиғи символы кенгуру болса, сәулеттік символы қауіпсіз Sydney Opera House – бірегей құрылымы, үлкен желкенді кеменге ұқсас. Жыл сайын аталмыш театрды көруге қаншама миллион адам келеді екен.

Осы іспеттес туристтерді тартатын қызықтыратын көптеген ерекше ғимараттарды қолға алу керек.

BI-Group компаниясына ұсыныс ретінде айтатын болсақ, турзимді дамытуда құрылыс саласын ерекшелеп көрсете білу керек. Ерекше ғимараттар салу – ел экономикасының дамуына әкеледі.

Құлынтай Монай

Басқа материалдар

Back to top button