Бас тақырыпСпорт

Жерлесіміз Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді

Теміртаулық Кирилл Тубаев  байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-ші орын алды.

Кирилл Тубаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол ескек есу спортымен 2010 жылдан бері айналысады. Теміртау қаласындағы Олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушысы және Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі. Чемпионаттардың, ҚР кубоктары мен Азия біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Спортшыны жарысқа жаттықтырушылар – Антон Романишко, Евгения Егорова және Владимир Петров дайындаған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button