Жаңалықтар

Ту – Тәуелсіздік тұғыры

Қарағанды қаласындағы «Таир» сауда орталығында «Nur Otan» партиясының бастамасымен жалпыхалықтық «Менің туым – менің Отаным» акциясы өтті. Партия өкілдері мен жастар, Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімін өткізді.

Ел аумағында бастау алған іс-шараның басты мақсаты – жастарды патриотизмге баулу. Мемлекеттік Туды насихаттап, туған еліне деген отансүйгіштігін ояту. Республика бойынша бастау алған челленджге бүгінде барша белсенділер атсалысуда. Шараға қала тұрғындарымен қатар, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының басшылығы, облысқа танымал тұлғалар, мәслихат депутаттары мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

– Бұл – жай ғана акция емес. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында патриотизм сезімдерін ояту. Өйткені, Ту – біздің Тәуелсіздігіміздің ең басты нышаны, – деді «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Іс-шараны ұйымдастырушылар акция соңында еліміздің жастарын патриоттық акцияны белсенді жүзеге асыруға шақырды.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button