Байқау

Теннис турнирі тартысты өтті

Қоғам белсендісі, жеке кәсіпкер Айсұлтан Жақыптың Майқұдықта орналасқан «Мизамшуақ» орталығында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай, үстел теннисінен республикалық турнир өтті.

Турнирге Қарағанды, Павлодар қалалары және Жаңарқа ауданынан арнайы келген әуесқой теннисшілер қатысып, бақ сынасты. Спорт сайысы олимпиадалық тәртіппен қызу өрбіді.

— Осы мерекеге орай, арнайы ұйымдастырған турниріміз ойдағыдай аяқталды. Кемшін тұстары да жоқ емес, әрине. Ережені түсінбей қалып дау туып, қайта ойнаған жұп та болды. Сол көп дүниені шешті. Дегенмен, көш жүре түзеледі, – дейді Айсұлтан Жақып.

Жарыс қорытындысында, І орынды Павлодардан келген Мейрамбек Оспанов иеленсе, II орынның жүлдесін Қарағандыдағы №7 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Шоқан Мақамбаев қанжығалады. Ал, III орынға №7 мектеп оқушысы Саменов Жандәулет жайғасты.

Бақытжан Құдияров тағайындаған арнайы жүлде Жаңаарқадан келген Айбар Кариновқа бұйырса, Ж.Қуандықұлы тағайындаған арнайы жүлде турнирге қазылық еткен Аян Омаровқа табысталды.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button