Теміржолда қауіп бар
Арнайы көпірден өтпей, теміржолдың үстімен, пойыздың астынан өтіп, алысты жақындатпақ болғандар, өз бастарын қауіпке тіккенін түсіне қоймайды. Əсіресе, балалар қауіп-қатердің барын бағамдай бермейді. Осы орайда құзырлы органдар тарапынан мектептерде кездесулер өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы теміржол көлігі объектілерінде балалар жарақаттануының алдын алу мақсатында Сарыбел жəне Мырза станциясындағы теміржол қызметкерлері бірігіп, «Құқықтық тəртіп» жедел профилактикалық шараларын өткізді. Атап айтқанда, Ақтау кентіндегі №28 жалпы білім беретін мектептің 5-11 сынып оқушыларымен «Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында кездесті.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына теміржол объектілеріндегі балалар жарақаттануының алдын алу, жолаушылар мен электр пойыздарындағы əйнектің сынуын болдырмауға байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында негізгі ережелер баяндалды. Теміржолдардағы тəртіп, теміржолдар белгіленген жерден өтпеу жөнінде ескерту-талаптары туралы түсіндірілді.
Əдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ