Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен басқарма басшылары Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарымен кездеседі.
Халықпен кездесу 2023 жылғы 19 қазан сағат 16.00-де Теміртау мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ға дейін) (8-7213) 92-29-53, 92-23-21, 92-33-03 телефоны арқылы және akimat.temirtau@krg.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.