Тау баурайындағы думан

    Ұлытау ауданында Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына қолдау көрсету мақсатында шаңғы ойындарынан жалаулы жарыс өткізілді. Айтулы спорт додасымен тұспа-тұс ұйымдастырылған сайыстың деңгейі жоғары болуына аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі дәнекерлік етті.

Ұлытаудың бір сілемі “Өркештау” бау­райын думанға бөлеген жарыс бұқа­ралық сипатты иеленіп, оған жас буын өкілдерімен қатар, спортқа бейімі бар ересектер де зор ынтамен қатысты.

Қалың қауымды салауатты өмір сал­тын ұстануға үн­деген іс-шара қо­ры­тындысында ау­дандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі маманы Сағадат Мұxамбетов І орынды иеленсе, II орын жүлдесі 2016 жылы сәуір айында Алматы қаласында өткен V Халықаралық “Бірінші болу – батылдық” марафонында 40-50 жас аралығындағы қатысушылар арасында екінші орынға қол жеткізіп, жерлестерінің мерейін өсірген спортшы Аманбек Баймағанбетовтің еншісіне бұйырды. Ал, III орынға аудан жастарының белсенді көшбасшыларының бірі, балалар футбол орталығының жетекшісі Бекзат Сыздықов табан тіреді.

Аудандық жастар ресурстық орта­лығының инспекторы Гаухар Төлеубайдың айтуынша, алдағы уақытта аталған маз­мұндағы тартымды шараларды жиі ұй­ымдастыру жайы жоспарда тұр.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҰЛЫТАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.