Басты тақырыпЖаңалықтар

Тасқынға әзірлік тиянақты

    Қарағанды өңірі қар суынан келер қауіптің алдын алуға биыл ерте қамданды. Оның да себебі бар. Қардың түсімі жылдағыдан әлдеқайда көп, қауіп те жоқ емес. Сол мақсатта – табиғаттың тосын мінезіне әзірлікті пысықтап, қауіп төнгенде және төтенше жағдайлар туындағанда құтқаруға практикалық дағдыларды игеру, сонымен қоса, басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға төтеп беруге қаншалықты даяр екендігін тағы бір мәрте сыннан өткізді. Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қадағалауымен Теміртау қаласының және Бұқар жырау ауданының аумағында «Көктем – 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға АҚ, ТЖД және оның аумақтық бөлімшелері, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, ҚР Ұлттық гвардиясы «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 52859 әскери бөлімі, 55524 әскери бөлімі, «Астана» өңірлік қолбасшылығы штабының қызметкерлері атсалысты.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуы «Қазсушар» кәсіпорынының Қарағанды филиалы Самарқанд өндірістік телімінде штаб отырысымен ашылды. Оны облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жүргізіп отырды.

Отырыста оқу-жаттығу жұмысына жауапты тұлғалар құрылымдардың әзірліктері жайлы баяндады. Сонымен қатар, Нұра, Сарысу, Шерубай-Нұра қарлы-су қоры қосылатын өзендердің қадағалауға алынғандығы айтылды. Мұнда су тасу наурыз-сәуір айларында басталады. Өзеннің жағалауына жақын үйлер де бақылауда көрінеді. Мұнымен қоса, іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білу және орындау міндеттері сөз болды.

Бұдан кейін, 1-жаттығу орнында Бұқар жырау ауданының Садовое, Гагарин ауылындағы аумаққа су тасқыны қаупі туралы дабыл қағылып, эвакуация жарияланып, облыстық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымдардың дайындығы тексерілді. Үш шатыр тігіліп онда медициналық көмек көрсету, тамақтандыру орындары ұйымдастырылған. Мұнда көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға құрылған апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының іс-қимылдарға даярлығын және құрамын, оның талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ, материалды-техникалық ресурстардың, резервтік энергожабдықтау көздерінің жағдайларын тексеру жағына баса назар аударылғандығын облыс басшысы аралап көріп, жоғары берді.

Бүгін «Көктем – 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп отыр. Бұл – біз үшін маңызды шара. Естеріңізде болар, 2015 жылы апатты жағдайда оқу-жаттығу іс-шарасы практикалық дағдыда өз нәтижесін берді. Жедел жұмыстар сәтті атқарылып, эвакуация жарияланғанда жасақтар тиісті жұмысты жоғары деңгейде атқарды. Биыл қар қалың түсті. Сондықтан, қандай да бір төнетін қауіптерге әзір болу – біздің басты міндетіміз. Соңғы екі жылда жасақ құрамы мен техника санын көбейтіп, дайындықты күшейттік. Тілсіз жаудың бетін аулақ қылсын. Десек те, төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарының даярлығы жақсы екендігін көрдім. Көктемгі маусымдағы жұмыстарыңыз сәтті болсын, – деді аймақ басшысы Н.Әбдібеков.

2-жаттығу орны Баймырза өзені өтетін көпір маңында сеңді жару жұмыстары ұйымдастырылды. Себебі, қалың мұздың кесірінен су арнаға сыймай, жағадағы ауылды басуы мүмкін. Су деңгейінің көлемі қадағаланып, өзен маңын бақылау үшін жұмысшылар қойылған. Апаттың қайталанбауы үшін мамандар жарылғыш заттармен мұзды бір рет жарды. Соның арқасында өзен деңгейі едәуір төмендеді.

3-жаттығу орнында ескертуді елемей, жұқа мұзға шыққан балықшыларды құтқару шаралары ұйымдастырылды.

Ал, 4-жаттығу орнында су басу қауіпі бар ауыл маңына су тасқынын тоқтататын құм мен қиыршық тастарды да дайындап қойыпты. Бұған арнайы ҚР Ұлттық гвардиясы «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 52859, 55524 әскери бөлімдер, «Астана» өңірлік қолбасшылық штабының қызметкерлері жұмылдырылған. Қар жинағыш техникалар жаппай осында іске кірісіп кетіпті.

5-жаттығу орнында да су ағарларды, құдықтарды, арнайы арналарды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жолға қойылып ұйымдастырылған.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов және ТЖ басқармасының мамандары командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары негізінен азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қалалық ішінара жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қабілеттілігін және даярлық деңгейін көтеруге бағытталғандығына тоқталды. Өткен оқу-жаттығуда елді мекендерді, тіршілік қамтамасыздандыру нысандары және территорияны су басу жағдайларында жергілікті атқарушы органдарының бағынысты күштерімен басқару жұмыстарында үйлесімдікті жетілдіру шаралары айтылды. Облыс орталығында көктемде келер қауіп-қатердің алдын алу мақсатында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай құрылым даярлығын тексеру шарасына 300 адам қатысқан.

Нұрдос КӘРІМ

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button