Спорт

Тартысты турнир өтті

Ұлыс күні қарсаңында облыс­тың полиция департаменті мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің Кубогіне арналған ардагерлер мен жас қызметкерлерден құралған 13 бөлімше командасы қатысқан көпсайыс турнирі өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Спорттық жекпе-жектерге барлығы 100 спортшы қатысып, волейбол, үстел теннисі және шахматтан үздіктер анықталды.

Волейболдан Шет аудандық ІІБ командасы I орынды, II орынды – Қарағанды қалалық ІІБ, III орынды облыстық ішкі істер департаменті иеленді.

Шахматтан Шахтинск ІІБ өкілдері үздік атанса, Абай аудандық бөлімшесі екінші, облыстың арнайы жасақ өкілдері үшінші орынға табан тіреді.

Үстел теннисінен Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің командасы көш бастаса, Абай ауданы ПБ командасы екінші, Қарағанды қаласы Киров атындағы ПБ үшінші орынға ие болды.

Жалпы командалық есепте Шахтинск қаласы бірінші, Абай ауданы екінші, Шет ауданы үшінші орынды иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button