Спорт

Қарағандылық спортшы Сингапурда сынға түспек

Сингапурда үстел теннисінен 14-17 наурыз аралығында «WTT Youth Star Contender Singapore» халықаралық турнирі өтеді. Оған қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев те қатысады.

Сурет: olympic.kz сайтынан

Аталған жарысқа барлығы 128 спортшы қатысады деп күтілуде. Жерлесіміз бұл додада 19 жасқа дейінгі жас санатында сынға түспек. Бүгінде Алан 19 жас санатындағылардың әлемдік рейтингінде ХХІ орында тұр.

Жерлесіміздің бұл сындағы басты қарсыластарының бірі кореялық О Чунсон мен Ким Гаон, Польша өкілі Милош Редзимский, жапондық Казуки Ёшияма. Бұл спортшылар аталмыш рейтингте үздік ондықтың ішінде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button