Бас тақырыпСпорт

Тарихи жеңіс: Елдос Сметов — Париж Олимпиадасының чемпионы

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Отандасымыз ел қоржынына алғашқы алтын медальді салып,  дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды.

Суреттер: Сали Сабиров

60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы Рио олимпиадасының күмісін, 2020 жылы Токионың қола жүлдесін еншілеген еді.

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!!!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button