Жаңалықтар

Таратылған банктердің салымшылары өз ақшаларын алуға асығар емес

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына бүкіл ел бойынша өтем төлеуді жалғастыруда. Салымшылар – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – жинақталған сыйақымен қоса, салымдар бойынша өтемді ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары арқылы алуда. 

ҚДКБҚ қызметкерлері «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ-ның барлық салымшыларына қоңырау шалып, «Астана Банкі» АҚ барлық салымшыларына және ҚДКБҚ байланыс орталығы бірнеше рет СМС-хабарламалар жіберді, сондай-ақ агент-банк төлем туралы ақпараттандыру мақсатында «Астана Банкі» АҚ салымшыларының әрқайсысына қоңырау шалуды әлі де жалғастыруда. Әйтсе де, салымшылардың басым бөлігі шоттарындағы қаражаттарын қайтаруға асығар емес. Сондықтан ҚДКБҚ агент- банкке әлі өтініш білдірмеген салымшыларды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез келген бөлімшеге кез келген ыңғайлы күні келіп өтініш беруге шақырады:

  • 24 маусымға дейін – «Qazaq Banki» АҚ салымшылары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-на,

  • 26 шілдеге дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ға,

  • 4 тамызға дейін – «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары «Қазпочта» АҚ-ға.

Таратылған банктердің салымшыларына өтем төлеу салымшылардың өтініштері бойынша жүргізіледі. Ақша агент-банктерде қарастырылған және кез келген сәтте алуға қол жетімді. Агент-банк арқылы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-дан алуға болады.

Депозит мөлшері кепілдік берілген сомадан (5/10/15 миллион теңге) асатын салымшылар – ал мұндай салымшылар таратылатын үш банк бойынша 2 мыңдай (салымшылардың жалпы санының 0,7% ) – тарату комиссияларымен жүзеге асырылатын болады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы және өтемді төлеуге және тарату комиссиясының жұмыс тәртібіне байланысты барлық мәселелер бойынша консультацияны колл-орталықтан алуға болады: 1460, @KDIF_ASK Телеграм-чатында және ҚДКҚ веб-сайтында www.kdif.kz.

Басқа материалдар

Back to top button