Covid-19Нұра

Талапты қатаң ұстанайық

8 сәуірден Қарағанды облысы «қызыл» аймақта. Бұл түс адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін бүгінгі күні әр азамат жақсы біледі. Осыған байланысты карантиндік талаптардың да өзгеретіні анық. Карантиндік талаптың мақсаты біреу ғана, елдің көңілін күпті етпей, жасыл аймаққа алып шығу.

Нұра ауданы бойынша 1 қаңтар – 7 сәуір аралығында COVID-19 бойынша 36 жағдай тіркеліп, 34-нен вирус анықталған. Індетке шалдыққандардың 17-сінен симптомсыз түрі анықталып, 19-нан симптомды түрі тіркелген. Шұғыл түрде 13 науқас ауруханаға жатқызылған. Қалғанына ем үй жағдайында жүргізілген. Бүгінде індетке шалдыққан науқастардың басым бөлігі аурудан айығып, 8 науқас дәрігерлер бақылауында.

Ауданның бас санитар дәрігері Асқар Фахрисламовтың айтуынша індет жұқтырғандардың отыз пайызға жуығы – зейнеткерлер.

Қаңтарда 9, ақпанда 6, наурызда 15, сәуірдің алғашқы аптасында 6 жағдай тіркелген. Көктемнің алғашқы айынан кең тараған індеттің салдарынан жылдың басынан 386 адам үй жағдайындағы карантинде болса, бүгінде 330-ы бұл режимнен босаған. Бұл азаматтар оң нәтиже көрсеткен 36 науқаспен байланыста болған. Бүгінде үй жағдайындағы карантинде 56 нұралық тіркеуде тұр.

Халық денсаулығына алаңдаушылық танытқан мамандар карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырады. Карантин талаптарын орындамай, әкімшілік заң бұзушылыққа тартылған тұрғындар да бар. Сондай-ақ, қоғамдық және жұмыс орындарында карантин талаптарының сақталуын қадағалап отыру мақсатында құрылған мобильді топтар жұмыс істейді.

Тазагүл Пішенбаева,

Нұра ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button