Тәжірибеден – табысқа

Көрменің басталуына 212 күн қалды

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Жапонияның қатысуы туралы шартқа қол қойылды.

Бұған дейін Жапонияның Осака, Цукуба және Аичи қалаларында да «ЭКСПО» көрмелері ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараның табысқа бастайтынына әлемнің көзі анық жетті.

Осыған орай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов жапондық тәжірибенің ескерілгенін айтты.

Көрменің жапондық секторының Комиссары Томиясу Накамура:

«ЭКСПО – 2017» – біздің мемлекетіміздің жаңартылатын энергия көздері облысындағы ғылыми әлеуетімен таныстыруға арналған алаңға айналады және осы саладағы көпжақты әріптестіктің дамуына түрткі болады, – деді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.