Байқау

«Тәуелсіздіктің 30 сәті» – объективте

«Тәуелсіздіктің 30 сәтін» объективіне іліндіре алған фотографтар байқауының мәреге жетуіне санаулы күн қалды. Байқау-вернисажды ұйымдастыруға ұйытқы – Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы екені баршаға аян.

Тамызда жарияланған бәйгеге қатысқысы келген 18-30 жас аралығындағы объектив шеберлері арасынан үздік шыққанының жұмысы мұражай қорына алынады. 1 қазанға дейін қабылданатын өтініштерден соң фотобайқау 18-29 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың талабынша, суреттің өлшемі кемінде 1 600 пиксель болуы керек. Әр қатысушы ең көбі 5 жұмыс ұсына алады. Фотосуреттер байқау тақырыбына сәйкес келуі тиіс. «Байқау жеңімпаздарының жұмыстары мұражай қорына алынады. Байқау қорытындысы бойынша фотоальбом шығарылады. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады», – дейді ұйымдастыру алқасы.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button