Бұқар жырау

Тұрғындар тілегін тыңдады

    Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид МАМАЛИНОВ  азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Аудан басшысы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. 

Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігіне сендірді, сондай-ақ, түйткілді мәселелерді шешудің заңды жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қабылдауға Көкпекті ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Серік Сапаров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Мадениетов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Алтынбек Жексымбаев, «Ботақара су қожалығы» директоры Даурен Абдрахманов, «Мадина» ШҚ басшысы К.Кожакбаева қатысты.

Бір айта кетері, 27 шілде өткен азаматтар қабылдауына Қарағанды қаласынан арнайы Жаналы Бектұрғанов келіп, алғысын жеткізді. Оның айтуынша, 3 ай бойы күрмеуі қиын  жер мәселесі шешімін тауыпты.

Осы күні, Көкпекті ауылының тұрғындары Фарида Таушкенова, Айгүл Улжибаева, Лидия Попова ауылдағы бірқатар мәселелерін тілге тиек етті. Оның ішінде су құбырының жоқтығы, қоқыстардың шығарылмауы, балабақша қажеттігін айтты. Сонымен қоса, Көкпекті ауылының тұрғыны Игорь Скурухин жол  жағдайы жақсарту туралы өтінішін білдірді.

Өз тілшімізден.

БҰҚАР жырау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button