Осакаров

Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі рейдтері өткізілді

Осакаров ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларын аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді.  Рейд барысында бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын азаматтарға, көп балалы және жағдайы нашар отбасыларға  ерекше көңіл бөлінді.
Осакаров ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Д.Т.Каспаковтың хабарлауынша, ТЖ бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға  тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің басты қағидаларын түсіндіріп,  ашық отты, жылыту пештерін және электр құралдарын қолданған кезде сақ болудын қажеттілігін ескертті. Сонымен қатар,  өрт қауіпсіздігін сақтау  тақырыбындағы  парақшалар таратты.  

Басқа материалдар

Back to top button