Жаңалықтар

Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Сурет Казинформ

21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтірген, некеге тұруға мәжбүрлеген және аңдыған Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Үкімді сот төрағасы Саммидин Теміралиев жариялады. Сот 28 жастағы Шерхан Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды. Атап айтқанда:

• 99-баптың 2-бөлігі, 5-тармағы – аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру;

• 115-1-бап – сталкинг, яғни заңсыз аңду;

• 125-1-бап – некеге тұруға мәжбүрлеу.

Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызына қатысты шешім қабылдады.

Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 15 млн 739 мың 65 теңге материалдық шығынды және 10 млрд теңге моральдық зиянды өтеуді талап еткен. Сондай-ақ өндірілген қаражатты қайырымдылыққа бағыттауды сұраған.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button