«Сарыарқа» мен Qarmet ЖХК жаңа маусымға дайын
Қарағандының хоккей командалары жаңа маусым алдындағы дайындықтарын қорытындылап, жанкүйерлерге өз құрамдарын таныстырды. Өткен демалыс күндері «Сарыарқа» және ЖХК Qarmet командаларының ресми таныстырылымы өтті.

14 тамыздан бастап екі команда да мұз айдынына шығып, Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеге кіріседі. Жаңа маусымда хоккейшілер алдында жоғары нәтиже көрсету және жанкүйерлер үмітін ақтау міндеті тұр.
Таныстырылым барысында МХК Qarmet командасының жаңа ойын формасы да көпшілік назарына ұсынылды. Форманың дизайнында жас арыстан бейнесі қолданылған. Ол команданың жастық жігерін, күшін, қайсарлығын және жеңіске деген ұмтылысын білдіреді.

Алдағы маусымда командаларды тартысты кездесулер күтіп тұр. Ойындарда жанкүйерлердің қолдауы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
14 тамыздан бастап хоккей жанкүйерлері «Сарыарқа» мен МХК Qarmet командаларының ойындарын тамашалап, жаңа маусымдағы өнеріне куә бола алады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



