Тұмауға қарсы екпе жүргізді

Халық денсаулығы – дамыған елдердің нақты көрсеткіштерінің бірі. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ауқымды қаражат бөлінетін елімізде де тұрғындардың, оның ішінде жұмысшы мамандардың денсаулығына жіті көңіл бөлінеді. Осыны қатаң ұстанатын «Қазмарганец» кен басқармасында тұмауға қарсы егу шарасы аяқталды. Профилактикалық шара тек қалада орналасқан кеңсе қызметкерлерін ғана емес, облыс орталығынан шалғайда – 500-550 шақырым жерде орналасқан кен басқармасының бөлімшелері – «Тур» кеніші мен көлік колоннасы қызметкерлерін де қамтыды.

Жыл сайын кәсіпорын есебінен жүргізілетін профилактикалық шара тұмаудың маусымдық өршуі кезеңінде қызметкерлердің иммунитетінің нығаюына және сырқаттану деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Бұл жылдағы міндетті шара болғандықтан, кен басқармасында оған ұжымның толықтай қатысуына мән беріледі. Себебі, қызметкерлердің денсаулығына мән беру, алдағы салқын кезеңде тұмауға төтеп беру шараларын ұйымдастыруға кәсіпорын да мүдделі.

Вакцинация вахта ауысымы кезінде өткізіледі. Мақсат – маңызды шараға қызметкерлердің толықтай қатыса алуына мүмкіндік беру.

  • Әр қызметкер екпені тегін ала алады. Оны дене қызуы жоқ кезде, тамақ ісіп-ауырмай тұрғанда жасау қажет. Әйтпесе, вакцинаның әсері әлсірейді. Сондықтан, әбден жазылып барып қана екпе алған дұрыс. Бұған қоса вакцинациядан кейінгі алғашқы күнде дене жүктемесінен аулақ болып, бассейнге баруды кідірте тұрған дұрыс, – дейді «Қазмарганец» кен басқармасының дәрігер-профпатологы Үмітхан Қожахметова.

Екпе жұмыстары үшін биыл кәсіпорын 1 млн. 714 мың 500 теңге жоспарлаған.

«Қазхром» трансұлттық компаниясы филиалдарында тұмауға қарсы екпе жүргізу жыл сайын қазан айында қолға алынатын міндетті шара. Себебі, өндірісте үзілістің болмауы адамдардың денсаулығына тікелей байланысты. Қызметкерлердің денсаулығына бағытталған жыл сайынғы шаралар қатарында сондай-ақ жаппай профилактикалық тексерісті ұйымдастыру да бар. бұдан бөлек әрбір қызметкерге денсаулығын түзетіп, медициналық көмек алуға жыл сайын бөлінетін қаражат та бар.

Өз тілшімізден