Бас тақырып

Төкең төрге озды

Көрнекті жазушы, этнограф, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Төрехан Майбас республикалық «Жалын» журналы сыйлығының иегері атанды.

Сурет кейіпкерден

«Публицистика» номинациясы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлық автордың «Құрмалдық» атты туындысы үшін берілген. Қазақстан Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қолы қойылған құжат жазушының көсемсөз жанрындағы үздік қолтаңбасын тағы бір мәрте айғақтап тұр. Жаңа жылмен қоса жеткен сүйінішті ақпарға елең ете қалғанымыз рас. Халық дүниетанымының мәйегін жоқтап жүрген қалам иесін құттықтай отырып, таңғажайып туындыларының жарық көре беруіне шын бейіл тілектестік білдіреміз! Еске салып өтейік, Төрехан Майбас көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005), «Елқұжат», «Абадан», «Шікіл», «Үшінші ауыл», «Оныншы ауыл», «Айбар», «Жауһар», «Портреттер» (2013) кітаптарының, «Айбөкен» прозалық жинағының (2011) авторы.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button