Жаңалықтар

Құтқарушылар адасып кеткен 5 адамға көмек көрсетті

ТЖД құтқарушылары адасып кеткен 5 адамды құтқарды, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.


Құтқарушылар Абай ауданына қарасты  ауылдық окрук аумағында жоғалып кеткен балықшыларды іздеді. Төрт ер адам 20-шы қаңтарда балыққа шығып, адасып кеткен. 21-ші қаңтарда 16.55-те олар Сасықкөл көлінің солтүстік-шығысы жағындада 2 шақырым қашықтықта табылды. 
Екінші іздестіру-құтқару операциясы Ұлытау ауданында ұйымдастырылды. 22 қаңтарда сағат таңғы 4-те кезекші пультіне қоңырау келіп түсті. Ер адам қыстақтан шығып, Жезді кентіне қарай бет алғанын және далада адасып кеткенін хабарлаған. Құтқарушылар оны 8.55-те қыстақтан 10 шақырым қашықтықтан тауып алған. 
Барлық құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады. 
ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарына балық аулауға шыққанда жақындарыңызға қай жерге баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды айтып кету керектігін ескертеді. Бұл мәліметтер қандай да бір оқиға кезінде іздестіру жұмысына септігін тигізеді. 
 

Басқа материалдар

Back to top button