Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіпті кесел

      Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ағымдағы жылғы кезекті Жолдауында 10 ауқымды міндеттер анықталған. Оның «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы тармағы жемқорлықтың алдын алуға және күресуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыс бойынша қазынашылық департаменті жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің және Қарағанды қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізіп, қызметкерлерге видеоматериалдар көрсетті.
Бюджеттің атқарылуын қазынашылық органдары қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады, қаржы құжаттарын сапалы және уақытылы өңдеу, атқарусыз қайтарылған құжаттардың себептері бюджеттік заңнамалардың талаптарына сәйкестігін, моральдық-этикалық нормаларды сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы, инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін асыру мақсатында қазынашылық органдарында арнайы шоттарды ашу жолымен мемлекеттік сатып алуда қазынашылық сүйемелдеу жобасы енгізілуде.
Ағымдағы жылы құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда. Барлық көзделген нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жүзеге асырылып, қолданысқа енгізілді. Бұл жоба мемлекеттік қаржыны басқаруда жаңа құрал болып табылады.
Қазынашылық сүйемелдеу – қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектерілерімен байланысты, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушылары – мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықты толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау болып табылады.
Пилоттық жобаны енгізу Қаржы министрлігінің бекітілген жол картасына сәйкес шаралардың, атқарылған жұмыстардың барысын, нәтижесін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қазынашылық сүйемелдеу барысында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде бюджеттік қаражатты бақылау және ақшалай қаражаттың қозғалысы арнайы шоттар арқылы қамтамасыз етіледі, әрі қаражатты мақсатсыз пайдалануды болдырмайды.
Бақылаудың мақсаты – бюджет қаражатын мақсатты, тиімді қолдануына, салықтарды толығымен төлеуді және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді көздейді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – әр мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілердің адал қызметі, елдің абыройы және тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы.

Б.АХМЕТЖАНОВА,
Қарағанды облысы бойынша қазынашылық
департаменті басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button