Басты тақырыпСпорт

Спортта серпінді даму бар

ҚР Спорт күні қарсаңында Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья СУХОРУКОВАНЫҢ қатысуымен салтанатты жиын өтті. Жиынға облысымыздың белгілі спорт қайраткерлері, алдыңғы қатарлы спортшылар қатысты.

Қарағанды облысы Алаш абыройын әлем жұртшылығы алдында асқақтатқан спортшыларға кенде емес. Еліміз егемендікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде әлем, Азия, Олимпиада чемпиондары тәрбиеленіп, байрағымызды биіктетті. Облысымыздың 1168 спортшысы ҚР Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде спорт күні ретінде атап өтіледі. Биылғы жылы спорт күнін атап өту мерекесі Рио-де-Жанейро қаласында өткізіліп жатқан 21-ші Жазғы Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келді. Байрақты бәсекеде 11 қарағандылық спортшының ел намысын қорғағанын жақсы білесіздер. Сондықтан, бұл күн кәсіби мерекелер қатарында болғанымен, біз спортшылар мен бапкерлерді ғана емес, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын, спортпен айналысатын және спортты сүйетін барлық азаматтарды құттықаймыз, – деді Наталья Сухорукова.

Шара барысында Геннадий Папу, Тоқтамыс Хасенов, Сергей Бунякин, Николай Кукушкин, Дмитрий Карпов, Шәризат Қазтаев, Сағат Әбікеева, Игорь Елесин сынды Қарағанды облысының спорт саласындағы үздік қызметкерлері, ведомстволық бағынышты мекемелердің басшылары Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Алмагүл Өсерова аталған салаға айтулы еңбек сіңірген Наталья Сухорукова, Василий Карпов, Қабдолла Жүкенов, Юрий Маштаков, Қарлығаш Жаппарова, Анатолий Степаненко сынды азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Қазыбек би аудандық филиалының төрағасы, Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Алғыс хатымен Наталья Сухорукованы, Рустам Дәулетұлын, «Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының», «Мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектебінің», «Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебінің», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған балалар мен жасөспірімдердің «Дәулет» мектебінің» ұжымын марапаттады.

Жиын соңында облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы спорт саласына өмірінің 34 жылын арнап, бүгіні таңда еңселі 55 жасқа толып отырған спорттағы жоғарғы нәтижелер бөлімінің бас маманы Валентина Суфранидзені мерейтойымен құттықтап, еңбегіне жеміс, отбасына амандық тіледі.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button