Жаңаарқа

Сот саласы – тың міндет

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруіне бағытталған жоспары болып табылады. Мемлекет басшысы міндеттеген құжатта сот саласына тың тапсырмалар жүктеді.

Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған екінші реформаның 17-қадамында «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрде талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді» делінген. Бұл орайда, Жоғарғы Сот судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі. Ұлттық комиссия судьялыққа үміткерлердің жасын 30 жасқа дейін өсіру және олардың сот саласына тікелей қатысты бес жылдық жұмыс өтілін енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Атап айтқанда, болашақта барлық судьялар міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс. Аталған институт Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамынан шығарылып, Жоғарғы Соттың құзырына берілетін болды. Онда оқитын магистранттар мен судьялыққа үміткерлер үшін тағылымдама мерзімін бір жылға дейін арттыру көзделуде. Бұған қоса, судьялыққа үміткерлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралып, судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде.

Яғни, мемлекет атынан шешім қабылдайтын судья лауазымына кез келген адам ие бола алмайды, судьялық қызмет жоғары біліктілікті қатаң талап етеді. Міне, қарастырылып отырған осы шаралардың барлығы сот корпусын кәсіби білікті судьялармен толықтыруға және сот жүйесін дамыту мақсатында қолға алынып отыр.

Бүгінде заман талабына сай жасалған реформа халық көңілінен шығып, ел арасында қолдау тапты. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның болашағы үшін қабылдаған әрбір реформаның, жоспарының орны бөлек. Ұлт көшбасшысының салиқалы саясаты арқасында еліміз алпауыт елдердің қатарына қосылып, жетістіктерімен әлемді мойындатып келеді. Заңның үстемдігі – дамыған мемлекеттің кепілі. Сондықтан, жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызының зор екенін мойындай отырып, жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз демекпін.

Абай БАУБЕКОВ,

Жаңаарқа аудандық

сотының судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button