Бас тақырыпСпорт

Софья Берульцева – Азия ойындарының жеңімпазы

WKF каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медальға ие болды.

Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды. Әйелдер арасында +68 келі салмақта өнер көрсеткен Софья финалда непалдық Арика Гурунгпен кездесті. Жекпе-жек басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласын – 3:0 есебімен жеңді.

22 жастағы қазақ каратэшісі бұған дейін Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button