Ұлытау

Шынықсаң шымыр боласың

2 Қорғасын жалпы білім беретін орта мектебінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған фестиваль өтті. Шара оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырды.

Мектеп дәрігері Ләззат Дәрібаеваның ұйымдастыруымен өткен фестивальге мектептің барлық оқушылары мен ұстаздары қатысты. «Қозғалыс – бұл денсаулық» атты флешмобқа жалғасты. Оқушылар ерекше қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты.Әсем әуен ырғағымен топталып билеген бүлдіршіндер қөрермендердің ризалығы мен қошеметіне бөленді.

«Біз – чемпион» деген атпен спорттық сайыста мұғалімдерден және «Дәрумендер» тобы мен оқушылардан құралған «Денсаулық» тобы кедергімен жүгіру, қаппен секіру, қос жұп, ептілік, секірмек, допты обручпен әкеліп себетке салу, арқан тартыс сияқты ойын түрлерінен жарысқа түсті. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Ойын басында ер балалардан құралған оқушылар командасы басымдық танытқанымен, мұғалімдер де намысқа тырысып, шәкірттерінен қалып қоймау үшін бар күш-жігерлерін салып есепті теңестірді. Ең соңғы шешуші және де ең қызықты өткен сайыс арқан тартыс болды. «Денсаулық» командасының құрамындағы ер балалар өздерінің қүштерінің толысқан нағыз азамат болып қалғандарын байқатып «Дәрумендер» командасын өздеріне қарай еңсере тартып дес бермеді. Нәтижесінде ұлттық ойынымыз арқан тартыстың ұпайы «Дәрумендер» тобының пайдасына шешіліп, жеңіске жетті. Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқушылардан және ауыл жастарынан құралған командалар арасында волейболдан жарыс өтті. Спортты жанына серік еткен оқушыларымыз бұл жарыста да өздерінің ептіліктері мен икемділіктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Денсаулық – зор байлық» десек, сол байлығымызды сақтап, жақсы өмір сүру әрқайсымыздың өз қолымызда. Біздің білім ошағында осы қағида басты орында және түрлі спорттық жарыстардың жүйелі өткізіліп тұруы дәстүрге айналған.

Айгүл ЖҰМАТАЕВА,

2 Қорғасын жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button