Бас тақырыпСпорт

Дастан Мұқашбеков Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында жеңіл атлетикадан ядро лақтыру сайысында бақ сынаған отандасымыз Дастан Мұқашбеков күміс жүлдеге ие болды.

Суретті түсірген Мейіржан Амангелдиев

Қарағандылық спортшы ерлер арасында F36 санатында өнер көрсетіп, ядроны 15,47 метрге лақтырды. Осылайша, отандасымыз күміс медаль иеленіп, ел қоржынына жүлде салды. Аталған санатта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Иван Зелезняк 12,71 метр нәтижемен қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, алтын медаль Өзбекстан өкілінің еншісіне бұйырды.

Айта кетейік, Дастан Мұқашбеков Қазақстан чемпионаттарының, Қазақстан Паралимпиада ойындары мен Спартакиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері.

Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, 2023 жылы Парижде өткен халықаралық жарыста Азия рекордын жаңартқан. Бұдан бөлек, спортшы ядро лақтырудан IV жазғы Пара Азия ойындарының чемпионы атанып, 15,74 метр нәтижемен Азия рекордын да қойған.
2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола, 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан лицензиялық Гран-при жарысында алтын жүлде жеңіп алған

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button