Шет ауданының әкіміне жаза қолданылуы мүмкін
Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетовке тұрғын үй ғимараттарының жертөлелерінен дербес жылыту жүйелерін шығаруды мерзімге сай орындамағаны үшін жаза қолданылуы мүмкін, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша жылыту маусымы басталмас бұрын тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі дербес жылыту жүйелері жеке тұрған қазандықтар ретінде сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жасалып отырған шаралар.
Бүгін аймақ басшысы қазандықтардың орналасуын ауыстыру бойынша жұмыстар қалай жасалып жатқаны туралы баяндаманы тыңдады.
– Қазір барлық аудандарда жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр, қазандықтарды күзгі-қысқы уақытқа дайындап жатырмыз. Олар жоспар бойынша жылыту маусымы басталған дейін аяқталуы тиіс. Белгіленген мерзімнен қалыс қалу Шет ауданында бар – онда тағы 11 қазандықты шығару қажет, жұмыстар 191 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ Саран қаласында да бір дербес жылыту жүйесін ауыстыру қажет, қазір жалпы сомасы екі миллион теңгені құрайтын байқаулық процедуралар жүріп жатыр, – деп мәлімдеді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмаз Сүлейменов.
Ол Шет ауданында қазандықтарды ауыстыру әлі басталмағанын, себебі жобалық-сметалық құжаттама әлі мемлекеттік сараптаманың қарастыруында жатқанын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Шет ауданында қазандықтарды ауыстыруда қаржыландыру сомасының жоғары болуы кедергі етіп отырғанын түсіндірді.
– Сома – ол екінші мәселе! ЖСҚ да әлі дайын емес екенін ескерсек, осы жылы жұмыстарды қалай бітірмекшісіздер? Бекітілген мерзімдерді орындамай жатырсыздар! Аудан бойынша жаза қолдану туралы ұсынысты шығарыңыздар. Сізге де, Анатолий Валериевич, ескерту айтамын, – деп наразылығын білдірді Ерлан Қошанов.
Саран қаласындағы дербес жылыту жүйесіне келер болсақ, оны жылыту маусымы басталған дейін ауыстырады. Ол тұрғын емес үйде орналасқан, дегенмен, толығымен тұрғындар қоныстанған төрт кіреберісі бар үйді жылытады.