Бас тақырып

Шекті баға мүмкіндікті шектемейді

Қазақстанда сұйық отынның бағасы қымбаттады. Атап айтқанда, 12 сәуірден бастап, құнын мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің шекті бағасы нақтыланып, ол туралы бұйрық күшіне енді. Бұған АИ-92 маркалы сұйық отын мен дизель отыны жатады. Сәйкесінше, облысымыздағы автожанармай құю станциялары да баға белгілерін көтере бастады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мәселен, еліміздің өңірлерінде бұған дейін АИ-92 бағасының шекті бағасы 182 теңге болған еді. Енді осы сұйық отынның бағасы Қазақстан бойынша 205 теңгеден аспауы керек.

Бұған дейін жанар-жағармай құю станциялары бағаны шекті деңгейге дейін күрт көтермейтіні туралы айтқанбыз. Оның себебі, бұған дейінгі бағамен сатып алынған қордың болуы бағаны біраз ұстап тұруға мүмкіндік бермек.

Дәл осылай облыс орталығында жанармай бағасын көтермей, бұрынғы қалпында ұстап тұрған Gazoil жанармай құю станциялары желісі. Қарағанды қаласы бойынша барлығы 25 станциядағы АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 17 сәуірде – 181 теңге. Менеджерлердің айтуынша, сұйық отынның бағасы қашан көтерілетіні әзірге белгісіз. Ал, АИ-95 бағасы – 215 теңге. Дизель отыны сатылымда жоқ.

Қарағандылық автокөлік әуесқойларына жақсы танымал Helios жанармай құю станцияларында бір апта бұрын сұйық отынның, атап айтқанда АИ-92 бензиннің бағасы 180 теңге болған еді. Ал, 17 сәуірде 13,5 пайызға көтеріп, 205 теңгеден сатуда. Ал, АИ-95 – 215 теңге. Дизель отыны – 295 теңге.

Айта кетейік, АИ-95 маркалы сұйық отынның құны мемлекет тарапынан реттелмейді. Компаниялар оны нарықтық жағдайға байланысты өздері белгілейді.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button