Шахтинская шахтасында кеншіні көмір сілемінің жентегі басып қалды
Оқыс оқиға кеше зәкірді бұрғылау кезінде орын алған.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кенжардың кеудесінің жоғарғы бөлігінен көмір сілемінің жентегі бөлініп, үңгілеушіні жарақаттаған.
– Упр-1 учаскесінің звена қызметкерлерімен үңгілеушіге алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін оны шахта бетіне шығарды және реанимациялық шоққа қарсы топ бригадасымен Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына жеткізілді,- дейді компания.
Іс тергелуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz