Жаңалықтар

“Ұшқыр отбасы” немесе орындалған арман

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында адамдар ғажайып күтіп, ерекше сыйлық алғысы келеді. Бірақ, оны кім ұсынады? Көп жағдайда бұл достарыңыз, туыстарыңыз немесе әріптестеріңіз болуы мүмкін. Ал, егер мүлдем күтпеген тарап ұсынса ше? Қарағандылық Людмила Сенская мен Марина Дорохова осындай ерекше сыйлыққа ие болған жандар. Олар «Банк Хоум Кредит» АҚ ұйымдастырған «Ұшқыр отбасы» байқауында Мысыр еліне туристік жолдама ұтып алды.

Жеңімпаз атанған жерлестеріміздің бірі банктің тұрақты клиенті болса, екіншісі алғаш рет тұтынушы атанған екен. Бірақ, олардың екеуінде де «жеңімпаз боламын-ау» деген ой болмаған.

  • Осымен төртінші рет несие алып отырмын. Кейде шұғыл түрде қаражат керек болып қалады ғой. Сондай кездері біреуден қарыз сұрап әуре болмай-ақ, жақын жердегі банк бөлімшесінен шағын несие рәсімдеймін. Осы жолы үйге көмір сатып алу мақсатында несие алған едім. Банк қызметкерлері акция жүріп жатқанын айтты. Бірақ, оған аса назар аударған жоқпын. Бар ойым қалай да үйге отын түсіріп алуда болды. Ал, кейін жүлдегер екенімді айтып хабарласқанда ерекше қуандым. Көпке дейін сене алмай жүрдім, – дейді Людмила Сенская.

Ал, екінші жеңімпаз Марина Дорохова аталмыш банктің көмегіне алғаш рет жүгінген. Банк қызметкерлері «Ұшқыр отбасы» акциясы аясында Мысырға жолдама ойнатылып жатқаны туралы айтқан. Бірақ, бастапқыда бұған мән бермепті. Тіпті, жеңімпаз атанғанын естіген кезде де көпке дейін сене алмай, әзілге балаған.

  • Бөліп төлеу шартымен үйге су жылытқыш алған еді. Менеджерлер осындай акция өтіп жатқаны туралы айтты. Бірақ, жеңімпаз боламын деп мүлдем ойлаған жоқпын. Тіпті, кейін банктен хабарласып «Сіз Мысырға жолдама ұтып алдыңыз» деген кезде де сенген жоқпын. Біреулер әзілдесіп тұрған болар деп күдіктендім. Жалғыз мен ғана емес, туыстарым да дәл осындай ойда болды. Күдігім жолдама сертификатын қолыма алған кезде ғана бір-ақ сейілді. Бұрын шетелге саяхатқа шықпаған едім. Армандаумен ғана шектелдік. Енді сәтін салып тұр. Бұйыртса келесі жылдың ақпан айында жарыммен бірге Мысырға демалысқа аттанамыз. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бұл біздің отбасымыз үшін үлкен сыйлық болды, – дейді Марина Дорохова.

Банк байқауды өткізу арқылы клиенттеріне отбасылық сапарға жолдама ұтып алу мүмкіндігін ұсынады. Яғни, 2 адамға арналған 81 жолдама ойнатылуда. Жеңімпаздардың ұшу, қонақ үйге орналасу, сақтандыру шығындарының барлығын акцияны ұйымдастырушылар өз мойындарына алған. Байқауға қатысудың шарттары да қарапайым. Ол үшін келесілердің бірін орындау жеткілікті:

• кез келген сомаға ақшалай кредитке немесе тауарлық кредитке шарт рәсімдеу;

• 500 000 теңгеден жоғары сомаға депозиттік сертификат ашу;

• кредит картасын рәсімдеп, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау;

• дебеттік картаны ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау;

• «Отбасын қорғау», «Құқықтық қорғау» немесе «Саяхатшыны сақтандыру» қызметін сатып алуға шарт жасау.

Байқауды ұйымдастырушылар оның барынша әділ өтуіне оңтайлы жағдай жасаған. Қарашаның 4 мен 22 аралығында кездейсоқ таңдау арқылы әр жұмыс күні 1 жеңімпаздың есімі анықталып отырды. Ал, 25 қарашадан бастап 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін әр жұмыс күні 2 немесе одан да көп жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Акция 2019 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаз болғысы келген азаматтар осы уақыт аралығында байқау шарттарын орындауы керек.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button